homesitemap
Мені есте сақтау
Улы жуз /

Улы жуз

Албан  Шанышкылы  Дулат  Жалайыр  Канлы  Ошакты  Суан  Сиргели  Шапырашты  Ысты  Сары уйсын 

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан облысы, сонымен қатар қазіргі Батыс Қытай және Өзбекістан аймақтарын иеленген қазақ рулар мен ұлустардың тобы болып саналады (Ташкент облысы). Ұлы жүздің қалыптасуы 16 ғасырдың басында аяқталды. 16-13 ғғ. Ұлы жүздің аймағында хандықтар қалыптасып, сол хандықтар жоғалу үстінде де болды. Дегенмен, 19 ғасырдың 20-40жж. Ұлы жүз Ресей империясының қоластына кірді. 19 ғ. Ұлы жуздің адам саны 550 мың жуық болды.

Ұлы жүздің рулары Моғолыстан мемлекетінен шыққан моғолдар болып саналады.

Дулаттар Іле өзені, Чу , Талас және Сырдарья аймақтарын мекендеді. Олар 4 ірі топтарға бөлінді: ботпай, шымыр, сиқым, жаныс. Олардың ұраны – «Бақтияр»

Шапырашты қазіргі Алматы қаласының айналауында, Іле Алатау етегінде өмір сүрген. Олардың ұраны – «Қарасай».

Албандар Жетісу мен Алтынэмель жотасының оңтүстік-шығысында, Іле Алатаудың солтүстігінде, Іле, Көлсай көлдердің жоғарғы ағысында, Текес , Чарын таулы өзендер бойында өмір сүрді. Олардың ұраны «Райымбек».

Суандар Алтынемель жотасында, Жетісу аймағында, Жоңғар Алатаудың оңтүстік-шығысында, Көктелектің бойында және Коргакса атты жерде өмір сүрді. Олардың ұраны «Райымбек», «Байсуан».

Жалайырлар Жоңғар Алатау,Аркарлы,Малайсары таулардың жотасында, Каратал Іле өзендерінің бойында Балқаштың оңтүстік-шығыстағы жағалауында өмір сүрді. Олардың ұраны – «Қабылан»

Қанлылар қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтарын иеленген. Олардың ұрандары «Айырылмас», «Бәйтерек».

Сары-ұйсундар Іле өзенінің сол жағында, Іле Алатаудың жотасында, Таластың оң жағындағы жағалауында, Каргаты өзенінің жағалауында өмір сүрді.

Сіргели  Чу, Талас, және Қаратау аймақтарын иеленген. Олардың ұраны – «Тоғанас».

Ошақты  Талас өзенінің төменгі ағысын,  Қаратаудың оңтүстік-шығыс жақтарында көшіп жүрді.19 ғ соңында олардың саны 20 мың адам болды.

Ысты Балқаштың солтүстік жағы мен Жамбыл облысының аймақтарында өмір сүрді. Олардың ұраны – «Жауатар».

Шанышқылы Өзбекістан мемлекетімен шекара жер, Оңтүстік – Қазақстан обылсында өмір сүрді. Олардың ұраны- «Айырылмас».

Ұлы жүздің көпшілік рулары Ұйсын атты ұлыс одағына кіреді. Сарыуйсын, Шапырашты, Ысты, Ошакты, Албан, Суан и Дулат. Канлылар ең ескі ұлыстардың бірі болып саналады./Ref: ru.wikipedia.org/wiki/Старший_жуз/